Балаларды қорғау күні және соңғы қоңырау мерекесі.
1 маусымда "Всеволодовка бастауыш "КММ-де оқушылар үшін соңғы қоңырау соғылды, сонымен қатар ауылымыздың барлық балалары үшін тағы бір мереке - Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті.Алдымен салтанатты түрінде мектеп линейкасы өтті, оқушылар мектеп туралы тақпақ айтып, ән шырқады.Мектеп меңгерушісі Посохина Е.М. балаларға жақсы қоштасу сөздеін арнады.
Линейка біткеннен кейін, ауылымыздың меценаттар көрсеткен көмегімен Халықаралық балаларды қорғау күні өткізіліпті.Ауылымыздың барлық балалары ойындарға белсенді қатысып,ән айтып және би билеп тәтті сыйлықтарға ие болды.
01.06.2023
0