Әр көктем сайын біз қанатты достарымызды құс үйшіктермен, жемге толған қоректендіргіштермен қарсы аламыз.Сонымен қатар қоныс аударатын құстарға арналған мектебімізде әр түрлі іс-шаралар өткіземіз. "Құстар-біздің достарымыз" атты сынып сағаты барысында оқушылар өз сүйікті құстар туралы әңгімелерін айтып, суреттерін салып кроссвордтар мен ребустарын шешті.
Көктемнің ең жарық мерекесі,табиғаттың оянуы мен халық шабыттындыратын Наурыз мейрамы тағы да келді!Біздің мектебімізде әр түрлі тәрбиелік іс-шаралар өтті.Осы іс-шаралардың мақсаты қазақ халқының салт-дәстүрлерімен таныстыру.Ата-аналар оқушылармен бірге сынып сағаты барысында сайысқа қатысты, оқушылар Наурыз туралы ән мен өлеңдер айтты.
1-3 тоқсан ішінде "Оқитын мектеп"жобасы аясында , оқырмандар сауаттылығы мен мәдени деңгейін арттыруға , қызығушылығын дамыту бойынша жұмыс жалғасуда.Кітап оқу арқылы балалардың мәдениеттік ақпататтық құзыреттілігі көтеріледі.
8 Наурыз Халықаралық Әйелдер күніне арналған іс-шаралар жоспары бойынша "Ананың күлкісі" сурет көрмесі,"Ана-күннің сәулесі" атты тақырыптық әңгіме,"Кәне-кей, Аналар!"мерекелік байқауы өтті.Мектеп оқушылар өз қолдармен жасаған сыйлықтармен аналарын құттықтады.
"Алғыс айту күніне"арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 20.02-03.03 аралығында мектеп оқушылары арасында "Мен алғыс айтамын"тақырыбында сурет байқауы,"Бір Отан-бір отбасы" атты сынып сағаты өткізілді, қарт адамдарға көңіл бөлу жіне көмек көрсету...
Ата-аналар жиналысының тақырыбы:Қақтығыс және оны шешу жолдары.Кіші оқушылардың зейінін дамыту. Осы шара барысында ата-аналар балаларының зейінін қалай және қандай ойындар арқылы дамытатыны туралы өз тәжірибелерімен бөлісуге мүмкіндік алды, сонымен қатар "Буллинг" деген не,неден қорқу керек және мәселені шешу жолдары туралы түсінік алды.
15 ақпанда "Казанка орта мектебі"КММ-сінде бастауыш сыныптар мен мектеп дейінгі білім беру ұйымдарының аудандық семинары " Мемлекеттік білім беру стандартын енгізу аясында білім беру жағдайында белсенді оқыту әдістерін енгізу арқылы кіші жастағы оқушылардың негізгі құзреттіліктерін қалыптастыру "тақырыбында мектебіміздің мұғалімдері шақырылған.
"Қайғы жаңғырығы" Мәншүк Мәметованың 100 жылдығына орай сынып сағаты өткізілді.Оқушылар біздің Қазақстан жеріндегі Кеңес Одағының Батырының өмірбаянымен және ерлігімен танысты. Сабақ барысында соғыс жылдарындағы әндер мен өлеңдер орындалды.